Халықаралық деңгейдегі инфрақұрылымы мен қызметі бар Бизнес Орталық
Құрметті достар және серіктестер!

 

Біздің сайт бетіне қош келдіңіз!

 

  16 жыл бойы «Астана Тауэр»  Бизнес орталығы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында сәтті  жұмыс істеп, қарқынды дамуда.

 

 Біз  халықаралық стандарттардың жоғары деңгейіне сәйкес келетін «А» санатты кеңсе және сауда орындарын жалға береміз. Бизнес және сауда орталығын басқарумен жалға беру саласында біздің тәжірибесі мол қызметкерлеріміз жұмыс атқарады.

 

  Сіздермен тиімді диалогтар біздің қызмет көрсетуіміздің деңгейін көтеруге көмектеседі. Сондықтан, біз сіздердің ұсыныстарыңызға, Сіздерге көмектесуге дайынбыз және біздің жұмысымызға сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз.

“Астана Тауэр Ишлетме” компаниясының

Бас директор

 

Ж. Есенеева

     «Астана Тауэр Ишлетме» компаниясы Астана қаласындағы «А» санатты ең ірі және заманауи Бизнес орталықтарының

бірі  – «Астана Тауэрдің» иесі болып табылады.

 «Астана Тауэр» Бизнес орталығы елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, банктер, мұнай, газ  және құрылыс компанияларының кеңселерін орналастыруға арналған ғажайып орын.

Кешеннің жалпы ауданы

 

 

 «Астана Тауэр» әлемдік стандарттарға сәйкес технологиялармен салынып, заманауи үлгіде тұрғызылған ғимарат. Қалада биік еңселі бой көтерген және ғажайып көріністерді паш ететін 21-қабатты кеңсе ғимараты, және үлкен 2-қабатты сауда орталығында «Рамстор»  гипермаркеті және «Есіл» фитнес орталығы орналасқан. Бұдан басқа кешенде:  асхана "Broccoli", мейрамхана, Gloria Jean’s Coffees кофейнясы, химиялық тазалау, сұлулық салоны, әуекасса, әуетурагенттік, нотариус, ақша айырбастау бөлімі және банк бар. Осылайша, күн сайын бізге қала тұрғындары мен қонақтары қөптеп келеді.

 

 Біздің кешеннің артықшылығының бірі оның, Есіл өзенінің жағасында, ескі және жаңа қаланың көпірмен тоғысқан жері, Астана қаласының  ең тамаша аудандарының бірі - «Самал» шағын ауданында орналасуы.