Нұр-Сұлтан қаласы, Самал шғауд., 12
  • ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ЖӘНЕ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

    Құрметті жалға алушылар және Astana Tower бизнес орталығының қонақтары!

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 коронавирус инфекциясы пандемиясын және Қазақстан Республикасында бірнеше адамға жұқтыру жағдайын жариялауға байланысты «Астана Тауэр Ишлетме» ЖШС мынаны хабарлайды:

    ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

    Astana Tower бизнес орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Сауда орталығы өз жұмысын жартылай тоқтатты, алайда Ramstore гипермаркеті, Гиппократ дәріханасы және Халық банкі ашық және толықтай жұмыс істейді.

    АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

    Біз «Astana Tower» сауда және бизнес орталығы ғимаратында коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу шаралар тізбесін анықтадық, бұған байланысты келесі алдын-алу шаралары қабылданды:

    Сақтық шаралар жайында ақпараттық нақтылау жұмыстары барлық қызметкерлер мен жалға алушы компаниялардың қызметкерлерімен өткізілді.
    Бизнес және сауда орталығының аумағында интенсивті дезинфекциялау режимі, сонымен қатар басқарушы компания қызметкерлері арасында маска режимі енгізілді.
    Әр сағат сайын есіктің тұтқалары, лифт түймелері, баспалдақ тұтқалары бактерияға қарсы және құрамында хлор бар заттармен өңделеді.
    Бизнес-орталықтың бөлмелелері үнемі желдетіліп тұрады, мәжбүрлі ауа шығаратын қондырғы жүйелері тазаланып, дезинфекцияланады.
    Қоғамдық әжетханаларда кәсіби бактерияға қарсы сабын орнатылды.
    Қоғамдық жерлерде қолды зарарсыздандыру үшін спирттік антисептиктері бар санитайзерлер орнатылды.
    Кеңсе үй-жайларын апта сайын дезинфекциялау бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келетін кең микробқа қарсы әсері бар залалсыздандырғышты қолдану арқылы жүзеге асырылады.
    Кешкі және түнгі уақытта қоғамдық аумақтарды кварцтауға, сондай-ақ жалға алушылармен алдын ала келісу бойынша жалға берілетін кеңсе үй-жайларын күнделікті кварцтау жүзеге асырылады.

    Барлық жалға алушыларға қашықтан жұмыс істеу режимін қарастыруды ұсынамыз. Жалға алушы компаниялардың қызметкерлері мен Astana Tower бизнес орталығының қонақтарын барлық рәсімдер мен басқа да алдын алу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

    ҚАЙДА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан коронавирус мәселелері бойынша колл-центр құрылды — 1406, 8 (7172) 76-80-43.
    Жедел респираторлы вирустық инфекциялар белгілерімен 103 номеріне қоңырау шалыңыз.