Нұр-Сұлтан қаласы, Самал шғауд., 12
  • BREEAM IN-USE-БЕН СЕРТИФИКАЦИЯЛАНУЫ ТУРАЛЫ

    «Astana Tower» бизнес-орталығы кешеннің пайдаланудағы ғимараттарға қолданылатын BREEAM In-Use жүйесі бойынша сертификациялануының аяқталуы туралы қуана хабарлап отыр. Бизнес-орталық Asset (Ғимараттың техникалық жарақталуы) категориясы бойынша «Very Good» және Building Management (Техникалық пайдалану) категориясы бойынша «Excellent» жоғары бағаларына ие болды, демек, өзінің мәртебесін халықаралық деңгейде растаған А-класты бірінші бизнес-орталық болып табылды. BREEAM In-Use-дың сұлбасы қолданымдағы құрылыстарды модернизациялауға, сондай-ақ ресурстарды басқару шараларымен тұтынуды төмендетуге бағытталған.

    BREEAM In-Use сертификациясына дайындық барысында «Astana Tower» бизнес-орталығында рейтингті жақсартуға мүмкіндік берген қосымша жүйелер мен технологиялар енгізілді. Атап айтқанда, ғимаратты пайдаланудың кешенді экологиялық саясаты әзірленіп, ендірілді.

    Бизнес-орталықтың қызметкерлері мен келушілері үшін ең жоғары деңгейде жұмыстың жағымды жағдайлары жасалған: жайлы температура және ауаның сапасы, табиғи жарықтандыруды ең жоғары деңгейде қолдану, қауіпсіздіктің жоғары стандарттары. Ғимараттың екінші қабатында әріптестер мен келушілермен сөйлесу үшін ыңғайлы көпатқарымды кеңістік ұйымдастырылған. Бизнес-орталықтан жаяу жүрістегі қолжетімділікте 6 автобус аялдамасы бар, ал көліктің баламалы түрлерін жақсы көретіндер үшін ыңғайлы тұрақтар ұйымдастырылған.