2000 жылы негізі қалана отыра, компания өзін Нұр-Сұлтан қаласының жылжымайтын мүлік нарығында бизнес және сауда орталықтарын Жалға алушылардың қажеттіліктеріне икемді ыңғайын қамтамасыз ететін ілгерінді және тәжірибелі ойыншы, сенімді және тұрақты серіктес ретінде таныта білді.
20 жыл бойы біз халықаралық стандарттар технологияларының жоғары деңгейіне сай келетін «А» класты кеңселік және сауда орынжайларын беруде мамандана отырып, коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істеп келеміз.
«Astana Tower» кешені Есіл өзенінің жағалауында, оң және сол жағалардың түйіскен жерінде қаланың дәл ортасында орналасқан. Негізі қаланғаннан сәттен бастап кешеннің дамуы мен басқаруын жылжымайтын мүлікті басқару саласындағы халықаралық сертификациясын (IREM Certified Property Management) иемденген кәсіби команда жүзеге асырып келеді.
«Astana Tower» кешені:
- 21-қабатты Бизнес-орталық;
- 2-қабатты Сауда орталығынан тұрады.

«Astana Tower» бизнес-орталығы Елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, мұнай және газ компанияларының, банктердің, ірі жеке компаниялардың кеңселерін орналастыруға керемет орын болып табылады.
Бизнес-орталықтың ауданы – 12 199,1 м².
Біз үшін әрбір Жалға алушы – 15 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан баға жетпес тарих. Біздің міндетіміз – өзгеріп отыратын бизнес ортаға сәйкес резиденттердің барлық қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру. Біз Жалға алушыларға олардың қызметтерімізге қатысты кез келген сұратымдарына көмек беруге барлық ынтамызды саламыз. Бұдан басқа, Жалға алушылардың мүдделерінің қақтығысуын болдырмау мақсатында кешен ішіндегі қызметтер қайталанбайды.
Кәсіби мамандардың ықыласты командасының арқасында осы жылдар ішінде «Astana Tower» кешенінде ерекше ахуал мен мәдениет қалыптасты, өзіндік дәстүрлер мен құндылықтар орнады.
Бизнес-орталықтың резиденттері:





















Сауда орталығы — 2-қабатты ғимарат, онда:
1-ші қабатта:
- «Рамстор» гипермаркеті,
- «The Friendly’s» мейрамханасы,
- Halyk Bank,
- Банкоматтар,
- Дәріхана,
- Аяқ-киім жөндеу,
- Гүлдер дүкені,
2-ші қабатта:
- «ESIL» фитнес орталығы,
- «Gloria Jean’s Coffees» кофеханасы,
- «Broccoli» асханасы,
- Химиялық тазарту,
- Нотариус,
- Авиатурагенттік,
- Маникюр салоны,
- Косметика,
- Киім бутиктері орналасқан.
Сауда орталығының ауданы – 10 433,1 м².
