Astana Tower BREEAM In-Use бойынша "жасыл ғимарат" мәртебесін тағы да растады

Astana Tower BREEAM In-Use бойынша

2021 жылғы 7 қазанда «Astana Tower» бизнес орталығы Ғимаратты басқару бойынша санатта EXCELLENT және Ғимараттың техникалық жарақтандырылуы санатында VERY GOOD жоғары бағасымен BREEAM In-Use International «жасыл ғимарат» сертификатын алды. 2017 жылы бұл ғимарат Нұр-Сұлтан қаласында алғашқылардың бірі болып осындай сертификатқа ие болды. 

Сертификаттаудың мұндай жоғары рейтингі BRE Global Сараптамалық органының өте маңызды бағасы болып табылады. Astana Tower-де орнатылған технологиялар қоршаған ортаның ластануын азайтуға бағытталған. Кей жағдайларда ірі халықаралық компаниялар үшін сертификаттау кеңсені таңдау кезінде өте маңызды талап болып табылады. 

Ғимараттың ерекше артықшылықтарының ішінде мыналар атап өтілді:

  • ақауларды уақтылы анықтау, жабдықтың жұмыс істеу қабілеттілігін диагностикалау және ғимараттың тіршілік ету мерзімін ұзарту үшін ғимаратқа техникалық аудитті және тепловизиялық тексеруді тұрақты жүргізу;
  • инженерлік жабдықтың автоматтандырылған жұмысы;
  • энергия тиімді инженерлік жабдықтар;
  • акустикалық көрсеткіштердің жоғары сапасы;
  • су тиімділігі бар санитарлық-техникалық құралдар;
  • кеңселерде температура деңгейін бақылауға арналған термостаттардың болуы;
  • 100% LED жарықтандыру;
  • мүмкіндіктері шектеулі келушілер үшін қолайлы инфрақұрылым;
  • қоғамдық көлік аялдамаларының жаяу жүргіншілерге қолжетімділігі.

 

Объектіні техникалық жарақтандырудың бірінші класты көрсеткіштерінен басқа, Astana Tower басқарушы компаниясы үздік практикаларға сәйкес басқарудың жоғары стандартын қолдау, сондай-ақ жұмысты үздіксіз жетілдіру және ғимаратты жалға алушылар мен келушілердің қанағаттанушылық деңгейін жақсарту үшін ғимаратты басқару бойынша бірқатар тұрақты стратегиялар мен саясаттарды енгізгенін атап өткім келеді:

  • Жалға алушыларды қоқысты сұрыптауға және азайтуға ынталандыруға бағытталған қалдықтарды басқару стратегиясы;
  • Энергия тұтыну мен су тұтынуды қысқарту стратегиясы;
  • Сатып алуды тұрақты жүргізу стратегиясы.

 

Коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы «жасыл» сертификаттау дамыған елдерде, әсіресе кеңсе жылжымайтын мүлік нарығы үшін стандартқа айналды. Қазіргі уақытта әлемде 93 елдегі 2,3 млн. астам ғимарат сертификатталған. «Жасыл» ғимараттарды сертификаттаудың негізгі жүйелері LEED (АҚШ) және BREEAM (Ұлыбритания) болып табылады.

* BREEAM In-Use – бұл пайдаланылатын ғимараттарды экологиялық бағалау әдісі, ол энергия, көлік, су, материалдар, қалдықтар, жерді пайдалану және экология, ластану, денсаулық, басқару санаттары бойынша жүзеге асырылады. BREEAM In-Use британдық BRE Global ұйымымен 2009 жылы әзірленді және бүгінгі күні Еуропада ең кең таралған болып табылады.  Бұл жүйе бизнес орталықтарын ғана емес, сонымен қатар сауда, білім беру, өнеркәсіптік, спорттық және жақын уақыттан бері тұрғын үйлерді бағалауға мүмкіндік береді.