Astana Tower командасы «Жыл басқарушысы» 2021 сыйлығын алды

Astana Tower командасы «Жыл басқарушысы» 2021 сыйлығын алды

2021 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында Kazakhstan Networking Partners ұйымдастыруымен CREW Almaty 2021 жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылардың форумы өтті.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар өзекті мәселелерді талқылау үшін ұзақ үзілістен кейін алғаш рет кездесті. Спикерлер кейстермен және проблемалық мәселелермен бөлісті, сапалы нетворкинг және коммерциялық жылжымайтын мүлік кәсіпқойлары арасында қарым-қатынас жасалды.

Форумның соңында CRE Awards байқауының номинанттарын марапаттау рәсімі өтті, онда Astana Tower командасы «Жыл басқарушысы» атағын алды.

Басқарушы компанияның атынан Astana Tower бас директоры Жанар Есенеева өкілдік етті. Жанар коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында үлкен тәжірибеге ие және халықаралық IREM жылжымайтын мүлікті басқару институтында (АҚШ) оқығаннан кейін берілетін Certified Property Management (сертификатталған басқарушы) халықаралық атағының иегері болып табылады.