BOMA халықаралық стандарты бойынша жұмыс
BOMA стандарты – кеңсе жылжымайтын мүлігіндегі ауданды өлшеудің ең кең таралған әдісі.
Американдық ұлттық стандарттар институты (ANSI) бекіткен ANSI/BOMA Z65.1-2010 стандартын Солтүстік Американың кеңсе жылжымайтын мүлік иелері ұйымы (BOMA International) шығарады және кеңсе ғимараттарының иелеріне, девелоперлерге, басқарушы компанияларға, жылжымайтын мүлік брокерлеріне, бағалаушыларға, сәулетшілерге және жалға алушыларға арналған.
Стандарт Канада мен АҚШ-та, сондай-ақ бірқатар басқа елдерде, соның ішінде Қазақстанда да кеңінен қолданылады. Құжаттың негізгі мақсаты – меншік иесіне, басқарушы компанияға, девелоперге алаңдарды жалға беру және объектіні пайдалану үшін ең дәл және ыңғайлы құралды ұсыну.
Кеңсе және сауда алаңдарының квадратурасын есептеумен және оларды жалға берумен айналысатын Astana Tower қызметкерлері BOMA International сертификатына ие.
Осымен бөлісіңіз :