Centras Insurance сақтандыру қызметтері

Centras Insurance сақтандыру қызметтері

Біздің жаңа жалға алушыларымыздың арасында «Centras Insurance» сақтандыру компаниясын қарсы алуға қуаныштымыз. Қош келдіңіздер! 

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 1997 жылы құрылған және Қазақстанның сақтандыру нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Компанияның акционерлері «Centras» тобына кіретін ірі ұйымдар болып табылады, олар қаржы-инвестициялық қызметтердің кең спектрін көрсетеді.

Компания:

  • International Network of Insurance мүшесі, 
  • FM Global өзара сақтандыру қоғамының ресми өкілі,
  • Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшесі,
  • Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушысы, 
  • «Мінсіз» Халықтық сапа белгісінің иегері болып табылады. 

 

Компанияның мінсіз беделі «Exclusive» журналының «Қазақстанның үздік беделге ие 50 компаниясы» тәуелсіз рейтингімен расталады. 

Centras Insurance клиенттері жеке тұлғалар да, мемлекеттік кәсіпорындар да, шетелдік өкілдіктер мен елшіліктер де, қаржы құрылымдары да, қазақстандық ірі компаниялар да болып табылады.