Энергия менеджментінде сертификатталған (CEM ®)
2022 жылдың 21-25 маусымында "Astana Tower" бизнес орталығының техникалық бөлімінің жетекші маманы оқудан өтіп, сертификатталған энергоменеджер атағын алды. Курстарды 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы грант туралы келісім бойынша "Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" жобасы шеңберінде электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама) өткізді.
Курсты ұйымдастырушы халықаралық Энергетиктер инженерлері қауымдастығының орталық бөлімшесі болып табылады, ол Қазақстан Республикасындағы Энергетиктер инженерлері қауымдастығының (АЕЕ, АҚШ) өкілі ресми аккредиттелген, АЕЕ сертификатталған оқыту бағдарламаларын жүргізуге лицензиясы бар.
"Сертификатталған энергоменеджер" (CEM ® ) бағдарламасы ANSI/ISO/IEC 17024 халықаралық стандарты негізінде Американдық ұлттық стандарттар институтымен (ANSI) аккредиттелген, ол саладағы қызметкерлерді сертификаттау мен аккредиттеудің ең жоғары стандарты ретінде танылған, сондай-ақ әлемнің 90-нан астам елінде мойындалған. Сонымен қатар, бұл сертификаттау коммерциялық ғимараттардың энергетикалық аудитін жүргізу үшін ASHRAE Standard 211 стандарты ретінде танылады.
Мамандандырылған бес күндік курс озық технологиялар мен энергетикалық шығындарды азайту стратегиялары саласында білім алу үшін тереңдетілген кешенді оқыту мен кәсіби міндеттерді талқылауды ұсынды.
CEM ® бағдарламасы келесі бөлімдерді қамтыды: электр жүйелері; электр қозғалтқыштары мен электр жетектері; өнеркәсіптік жүйелер; жылу және электр энергиясын генерациялау жүйелері; қоршау конструкциялары; ғимараттардағы автоматтандыру жүйелері; жылу жинақтау жүйелері; жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету; қазандықтар мен бу генераторлық қондырғылар; басқару жүйелері; жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері; басқару жүйелері; пайдалануға беру,желдету және ауа баптау жүйелері; өлшеу және тексеру; техникалық қызмет көрсету.
Осымен бөлісіңіз :