Финляндия, Швеция және Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл
2022 жылғы 13 маусымда Radisson қонақ үйінде Финляндия, Швеция және Қазақстан дипломатиялық қатынастарының 30 жылдық мерейтойына орай Финляндия және Швеция елшіліктерінің ұйымдастыруымен фин, швед және қазақ хиттерінің хор концерті өтті.
Іс-шара Финляндия мен Швеция елшілерінің құттықтау сөздерімен басталды. Одан кейін Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хорының концерті өтті, оған қатысушылар көрнекті отандық композиторлар мен ақындардың шығармаларын, сондай-ақ 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдардың басындағы швед және фин хиттерін асқан шеберлікпен орындады.
Қазақстан Швециямен 1992 жылғы сәуірде, ал Финляндиямен сол жылғы мамырда дипломатиялық қатынастар орнатты. Осы уақыт ішінде біз Орталық Азиядағы осы еуропалық мемлекеттердің негізгі сауда-экономикалық және саяси әріптесіне айналдық.
Швеция-Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси серіктесі. Қазақстан Президентінің 2004 жылғы қазанда Швецияға алғашқы ресми сапарынан бері тараптар түрлі деңгейлерде ондаған өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар өткізді. Екі ел халықаралық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанады және БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды. 2015 жылы Швеция үкіметі Қазақстанды Швед өнімдерін экспорттауға арналған басым 26 мемлекеттің тізіміне енгізді. Бүгін бізде 50-ден астам швед компаниясы бар.
Финляндияға келетін болсақ, бізде 100-ге жуық бірлескен кәсіпорындар, финдік компаниялардың филиалдары мен өкілдіктері тіркелген, соның ішінде Тиккурила, Метсо, Вартсила, Вайсала, Кона, Honka, Reka, Lindstrom, Onninen және басқалар. Солтүстік Еуропа елдері арасында Финляндия Қазақстанның ірі сауда және маңыздылығы бойынша екінші инвестициялық әріптесі болып табылады (инвестициялар көлемі 300 млн доллардан астам). 2017 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 308 млн долларды құрады (экспорт – 176 млн, импорт – 132 млн доллар). Қазақстан-Финляндия достық қарым-қатынастары тұрақтылықпен, өзара құрметпен, сеніммен және ашықтықпен ерекшеленеді. Мазмұндық тұрғыдан алғанда диалог халықаралық күн тәртібінің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша ұзақ мерзімді басымдықтар мен тәсілдердің бірлігінде құрылады.
Осымен бөлісіңіз :