Марокко Корольдігі тағының күнімен құттықтаймыз!

Марокко Корольдігі тағының күнімен құттықтаймыз!

30 шілдеде Марокко ең маңызды ұлттық мереке – тақ күнін атап өтеді. Дәл осы күні 1999 жылы Марокко Королі - VI Мұхаммед салтанатты түрде таққа отырды. Монархтың толық аты Мұхаммед ибн әл-Хасан бин Мұхаммед.

Коронацияны еске түсіретін күннен басқа, Тақ күні Марокко патшалығының бірлігі мен тәуелсіздігінің символы болып табылады.

Бұл күні бүкіл елде әскери шерулер өткізіліп, мерекелік музыка ойналады. Патша жыл сайынғы үндеумен сөйлейді.

Марокконың қазіргі патшасы 1963 жылы 21 тамызда Рабат қаласында дүниеге келді. Әкесі Хасан II қайтыс болғаннан кейін, Мұхаммед VI Алауит әулетінің 23-ші патшасы болды. Айтпақшы, Алауит әулеті Мароккода 1666 жылдан бері билікте.

Болашақ патша төрт жасқа толғаннан кейін ғана Құран мектебінде білім ала бастады. Бакалавр дәрежесін алғаннан кейін, Мұхамед VI өз Отанында заң факультетін таңдады, содан кейін Францияда, Ницца-София-Антиполис университетінде білімін жалғастырды.

Мұхаммед VI ана тілі - араб тілінен басқа француз, ағылшын және испан тілдерінде еркін сөйлейді.

1997 жылдан бастап болашақ патша сыртқы саясат саласында әкесін алмастырды. Ал таққа отырғаннан кейінгі алғашқы сөзінде жас король конституциялық монархия қағидаттарына адалдығын мәлімдеді.