Наурыз мерекелерімен құттықтаймыз

Наурыз мерекелерімен құттықтаймыз

Жыл сайын "Astana Tower" бизнес-орталығының басқарушы компаниясының әкімшілігі өз жалға алушыларын мерекелерімен құттықтайды. Наурыз мейрамы мен Халықаралық әйелдер күні көптеген адамдар үшін ең жарқын және көптен күткен Мерекелер болды.

20 наурызда жалға алушылардың бизнес-орталығына кіре берісте домбыра мен қобызда халық шығармаларын орындайтын ұлттық квартет қарсы алды. Сонымен қатар, біздің резиденттеріміз түрлі ұлттық бұйымдармен безендірілген киіз үйдің фонында кәсіби фотографпен суретке түсуге мүмкіндік алды.

7 наурызда бизнес-орталықтың фойесінде шоколадты субұрқақ пен тәтті тағамдар бар фуршет үстелі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Astana Tower бас директоры мен әкімшілік менеджері ғимараттың резидент-компанияларының бірінші басшыларын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.