Негізгі кәсіби дағдылар 2021
Көптеген сарапшылар болашақта жұмысқа қабылдау кезінде ерекше бағаланатын қызметкерлердің негізгі дағдыларына қатысты зерттеулер жүргізеді. Біз негізгілерін белгіледік.
КӘСІБИ ДАҒДЫЛАР:
- Аналитикалық ойлау
«Аналитикалық ойлау» іздеу сұранысы бойынша белгілі порталдардың бірінде 43.000 бос жұмыс орны орналастырылған.
- Бұлтты есептеулер
Бүгінгі таңда әлемдегі ұйымдардың 85%-ы құпия деректерді бұлтта сақтайды.
- UX-дизайн
UX-ке салынған әр доллар 100 доллардан жоғары табыс әкеледі. Пайдаланушылардың 88%-ы пайдаланудан алған әсері нашар болса, кейіннен сайтқа сирек жағдайда оралады.
- Үлестес маркетинг
Цифрлық БАҚ-тағы жарнамадан түсетін жалпы табыстың 15%-ы серіктестік маркетингке тиесілі.
- Сату дағдылары
Сатып алушылардың 79%-ы бизнестің құндылығын арттыруға тырысып жүрген сауда өкілі ғана емес, сенімді кеңесші болып табылатын сатушымен өзара әрекеттесу өте маңызды деп санайды.
- Видео жасау
Күтпедіңіз бе? Cisco бағалауы бойынша 2022 жылы видеода әлемдік интернет-трафиктің 82%-ы тиесілі болады.
КОММУНИКАЦИЯ ДАҒДЫЛАРЫ:
- күрделі мәселелерді шеше білу,
- сыни ойлау,
- шығармашылық,
- командада жұмыс істей білу,
- эмоционалды интеллект,
- келіссөздер жүргізе білу,
- когнитивтік икемділік.
Осымен бөлісіңіз :