Нетворкинг жалға алушылардың кездесуі

Нетворкинг жалға алушылардың кездесуі

2019 жылғы 12 қыркүйекте «Astana Tower» бизнес орталығының жалға алушылары Gloria Jean’s Coffees кофеханасы аумағында тату, жылы және еркін атмосферада кездесті.

Кездесу барысында осы уақытқа дейін бір-бірін күн сайын бір лифтте көріп жүрген көптеген адамдар ақыры танысып, соңғы жаңалықтарды талқылап, хош иісті кофе мен жеңіл тағамдардан ауыз тиіп жақсы уақыт өткізді.

Іс-шара Астананың қақ ортасында Есіл өзенінің жағасында орналасқан, достармен, әріптестермен және іскер серіктестермен кездесуге арналған жаңа орынның – VIP Gloria Jean’s Coffees ашылуына орайластырылды.