Qaz Property қауымдастығына мүшелік

Qaz Property қауымдастығына мүшелік

Astana Tower басқарушы компаниясы өз қызметін 2016 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан «Qaz Property» басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығы құрамына кіреді.

Қазіргі уақытта Қауымдастық құрамына коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының ірі ойыншылары және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейтін 24 басқарушы және сервистік компания кіреді. Бұл ретте Қауымдастық мүшелері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының 48%-ын құрайды.

Қауымдастықтың стратегиясына коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқару және қызмет көрсету саласындағы мынадай проблемаларды шешу кіреді:

коммерциялық жылжымайтын мүлік саласын құқықтық өріс шеңберіне келтіру мақсатында кодекстерге, заңдарға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу,

ШОБ-ты мемлекеттік ынталандыру, кредиттеу және субсидиялау жүйесінде қаржы құралдарын дамыту, құзыреттілікті дамыту және арттыру.