"Шабыттандыратын кеңсе" шеберлік класы
Достар! 3 наурызда сағат 17:00-де сіздерді конференц-залда «Шабыттандыратын кеңсе» тақырыбында ұмытылмас нетворкинг мастер класында күтеміз!
Біз келесі мәселелерді талқылаймыз:
- Кеңсе не үшін қажет және ол шынымен қажет пе?
- Кеңсе кеңістігінде ең бастысы не?
- Шабыттандыру үшін кеңсе қандай болуы керек?
Кездесу бейресми, достық жағдайда қарым-қатынас үшін алғашқы тақырыптық алаң ретінде өтеді. Сонымен қатар, біз шағын буфет ұйымдастырамыз – пайдалы ғана емес, сонымен қатар дәмді болады ;)
COVID-19 таратпау жөніндегі шараларды ұстану қажеттілігіне байланысты кездесуге көп дегенде 15 адам қатыса алады.
Кеңседегі ең маңыздысы не?
Оның адамдарға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беру қабілеті. Тек ынтымақтастық пен қарым-қатынас кезінде ғана сапалы ғана емес, сонымен қатар креативті шешімдер қабылданады.
Кеңістік адамдардың, бизнес-процестер мен технологиялардың өзара әрекеттесуінің синергетикалық әсерін жасауға міндетті. Егер осы үшбұрыштың ішінде бәрі теңдестірілген болса, компаниян жұмысының нәтижесі күткеннен жоғары болуы мүмкін.
Бір жағынан, кеңсе – бұл зияткерлік жұмыстың негізгі процесі жүретін орын: жобаларды бағалау, талдау, құру; екінші жағынан – біз көп уақытымызды өткізетін екінші үй, онда біз әртүрлі идеялар мен шешімдерді жүзеге асыру үшін өзімзіді еркін сезінеміз. Бұл біздің қызметіміз бен белсенділігімізді басқару орталығы десе болады.
Сондықтан Сіздің кеңсеңізді қалай ШАБЫТТАНДЫРАТЫН етуге болатынын білу өте маңызды.
«Шабыттандыратын кеңсе» тақырыбындағы мастер класс нетворкингінің спикері ретінде Office Solutions сату жөніндегі директоры Мадина Шайморданова сөз сөйлейді.
Компания 1995 жылы құрылды және кеңсе интерьерлері нарығының қалыптасуының басында тұрды. Office Solutions 600-ден астам клиентке кәсіби түрде көмектесті, олардың ішінде жетекші әлемдік брендтер бар. Өз күшімен орындалған жобалардың көлемі орта есеппен жылына 500-ге жуық. Компания қатысқан жобалардың бір бөлігін кәсіби қауымдастық атап өтті және «Best Office Awards» марапаттарына ие болды.
Осымен бөлісіңіз :