Техникалық тексеру нәтижелері
«Astana Tower» бизнес орталығы 2019 жылдың наурыз айында техникалық тексеру бойынша сараптамалық қорытынды алды.
Зерттеу аясында келесі жұмыстар жүргізілді:
- ұсынылған техникалық құжаттаманы зерделеу, құрылымдық шешімдерді және инженерлік-геологиялық ізденістердің нәтижелерін талдау;
- құрылыс конструкцияларының ақауларын, нормативтік (жобалық) мәндерден ауытқуларды анықтау;
- конструкциялардың зақымдануы мен ақауларын сипаттайтын параметрлерді өлшеу;
- визуалды тексеру, ғимараттың құрылымдық схемасын, тірек конструкцияларын және олардың орналасуын анықтау;
- конструкцияларды бұзбайтын бақылау әдісімен аспаптық тексеру.
Техникалық тексеру нәтижелері бойынша кешеннің жай-күйі 5% пайыздық тозумен жоғары бағаланды.
Темірбетон арқалықтарының, жабындардың, баспалдақтардың, сыртқы қабырғалардың, едендердің, шатырдың, жылыту, электрмен жабдықтау, желдету және ауаны баптау, мумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің техникалық жағдайы дұрыс, жобаға сәйкес келеді.
Осымен бөлісіңіз :