Үстел теннис жарысы "Astana Tower" жалға алушылары мен фитнес орталығының клиенттері арасында өткізілді

Үстел теннис жарысы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне 11-12 желтоқсанда "ESIL" фитнес орталығында "Astana Tower" бизнес орталығының жалға алушылары мен ESIL клиенттері арасында үстел теннис жарысы өтті.

Жарыста 30 адам, олардың ішінде: Тайланд Корольдігі Елшілігінің өкілдері, ҚР Дүниежүзілік Банк және Азия Даму Банк өкілдіктері, Alstom компаниясы, Медициналық-инновациялық технологиялары, Филип Моррис, Әлем Агро қатысты.

Барлығына белсенді қатысқаны үшін Алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз:

1 орын - Аубакиров Айдын (Alstom компаниясы)

2 орын - Тлеубаев Нұрлан (Alstom компаниясы)

3 орын - Төлеген Нұрболат (Филип Моррис)