Өрт сөндіру жаттығулары 2021

Өрт сөндіру жаттығулары 2021

2021 жылғы 24 маусымда «Astana Tower» бизнес орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі бойынша ауқымды оқу іс-шарасы өткізілді. Барлық қызметкерлер мен жалға алушылар белсенді қатысты. 

Оқу-жаттығудың мақсаты ғимараттағы өртті сөндіру кезінде жедел әрекет ету әрекеттері мен практикалық дағдыларды пысықтау болды. Оқу-жаттығу аясында көрсетілді:

зардап шеккендерді құтқару бойынша іс-әрекеттер, өрт сөндіргіштерді және басқа да алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдаланудың практикалық дағдылары, жалға алушылар мен бизнес орталығы қызметкерлерін эвакуациялау, зардап шегушіні 6 қабаттағы кеңсе терезесінен арнайы техниканың көмегімен эвакуациялау, 6 қабатта шартты өртті сөндіру бойынша техникалық персоналды пысықтау.

Төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамнан 32 адам жұмылдырылды: хабарлау, құтқару, сөндіру, алғашқы көмек командалары. 198 адам сәтті эвакуацияланды.