Өртке қарсы оқу-жаттығулар 2022

Өртке қарсы оқу-жаттығулар 2022

2022 жылғы 10 тамызда "Astana Tower" бизнес орталығының әкімшілігі Нұр-сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі бойынша оқу іс-шарасын өткізді, оған барлық жалға алушылар белсенді қатысты.

Оқу-жаттығу шеңберінде мыналар жүзеге асырылды:

  • шартты зардап шеккендерді құтқару бойынша іс-әрекеттер көрсетілді;
  • өрт сөндіргіштерді және басқа да алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдаланудың практикалық дағдылары көрсетілді;
  • барлық компаниялардың қызметкерлерін эвакуациялау жүргізілді;
  • бизнес орталығының 1 қабатында шартты өртті сөндіру бойынша Техникалық персоналдың іс-қимылы пысықталды.

 

Ғимараттан 183 адам эвакуацияланды, байланыс, құтқару, өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету бригадасынан тұратын 29 адам тартылды.