Жұмыс тәртібі және коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары

Жұмыс тәртібі және коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары

Құрметті «Astana Tower» бизнес орталығының жалға алушылары мен қонақтары,

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша пандемия жариялауына және Қазақстан Республикасының аумағында бірнеше адамды жұқтыру жағдайларына байланысты «Астана Тауэр Ишлетме» ЖШС төмендегіні хабарлайды:

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

«Astana Tower» бизнес орталығы Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ жою басшысы А.К. Амриннің 19.03.2020 жылғы № 1 шешіміне сәйкес 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда орталығы өз қызметін ішінара тоқтатты, бірақ «Рамстор» гипермаркеті, «Гиппократ» дәріханасы және Halyk Bank ашық және толық көлемде жұмыс істейді.

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР

«Astana Tower» бизнес және сауда орталығы шегінде біз ғимаратта коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындадық және келесі алдын алу шараларын қабылдадық:

  • Жалға алушы компаниялардың барлық персоналы мен қызметкерлеріне сақтық шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  • Бизнес және сауда орталығы аумағында күшейтілген дезинфекциялық режим, сондай-ақ басқарушы компания қызметкерлері арасында бетперде режимі енгізілді.
  • Әр сағат сайын есік тұтқалары, лифт батырмалары, баспалдақ тұтқалары құрамында хлор бар және бактерияға қарсы заттармен өңделеді.
  • Бизнес орталығындағы үй-жайларды үнемі желдету жүргізіледі, ағынды-сорғылы қондырғылары тазартылып, дезинфекцияланады.
  • Қоғамдық пайдаланудағы санитарлық тораптарда кәсіби бактерияға қарсы сабын орнатылды.
  • Қоғамдық аймақтарда спиртті антисептикпен қолды дезинфекциялауға арналған санитайзер орнатылған.
  • Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келетін микробқа қарсы кең әсері бар дезинфекциялау құралын пайдалана отырып, кеңсе үй-жайларын апта сайын дезинфекциялау жүзеге асырылады.
  • Қоғамдық аймақтарды кешкі және түнгі уақытта кварцтау, сондай-ақ жалға алушылармен алдын ала келісім бойынша жалға алынатын кеңсе үй-жайларын күнделікті кварцтау жүргізіледі.

 

Барлық жалға алушыларға қашықтан жұмыс режиміне ауысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Жалға алушы компаниялардың қызметкерлері мен «Astana Tower» бизнес орталығының қонақтарын барлық рәсімдер мен басқа да алдын алу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.